МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ
ЖЕКЕ КАБИНЕТ
Ақпараттық жүйелер және электрондық ақпараттық ресурстар

Мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері бойынша статистика

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі №802 қаулысына жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып анықталды, ол «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 9-тармағына сәйкес:
1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, енгізуді және жаңғыртуды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз қызмет жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын жасауды, қызмет жасауын және техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолданумен мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсетеді;
5) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік органдарға мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында консультациялық және практикалық қызмет көрсетеді;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функцияларын жүзеге асырады;
8) есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;
9) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды немесе оларға қатысты мемлекеттің мүлікті құқықтары бар номиналды ұстаудың функцияларын жүзеге асырады.
СТАТИСТИКА
(Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері бойынша)